Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Михайловка ауылында қайғылы оқиға болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Төрт және алты жасар ағалы-інілі аулада ойнап жүріп, аяқасты жоғалып кеткен.
Балаларды жергілікті уақыт бойынша 11:55-те іздей бастайды, өкінішке қарай, бес сағаттан соң бір-ақ тапқан. Ағайындылар ауладағы ескі тоңазытқышқа қамалып қалыпты.
Бастапқы деректер бойынша, балалар ойнап жүріп, тоңазытқышқа кірген. Ауыр есік, қатты жабылып қалған соң, екеуі ішінен шыға алмапты.
Пікір қалдыру