Шәмшидинова балаларды өрттен арашалаған студентті марапаттады

/image/2019/06/10/e3dea91b4cb278e19ce9f43e4e95faa4.jpg

Нұр-Сұлтанда өрт шыққан үйден үш баланы аман алып қалған студентті Білім және ғылым министрі Күлаш Шәмшидинова марапаттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР БҒМ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Сол күні Нұрсұлтан достарымен астаналық саябақтардың бірінде серуендеп жүрген. Адамдардың шулап жатқандығын естіген балалар, оқиға орын алған жерге достарымен тез жетеді. Оқиға орнына жеткен кезде үйдің екінші қабатынан ер адамның көмекке шақырып жатқан дауысын естиді. Нұрсұлтан ешбір кідірместен төменде орналасқан дүкеннің шатыры арқылы үйдің екінші қабатына көтеріліп, үйдің терезесін сындырып, үш баланы өртке оранған пәтерден алып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерде қалған тағы бір кішкентай бөбек пен әкесінің өмірін арашалап қалды.

"Өз өмірін тәуекелге тігіп, қиындыққа түскен адамға көмек қолын созуға ұмтылатын жастар мақтауға тұрарлық. Әрине, осындай батыл да ержүрек баланы өсіріп, тәрбиелеген Нұрсұлтанның ата-анасына алғыс айтқымыз келеді. Осындай жігерлі балалардың қалыптасуы барысында мектеп пен білім ордаларындағы ұстаздардың атқаратын рөлі орасан. Біздің ортақ мақсатымыз – өскелең ұрпақтың күшті, жігерлі, батыл болып өсуіне барынша қолымыздан келгенше әрекет ету. Нұрсұлтан сияқты жастар – біздің заманымыздың нағыз батырлары»,- деді министр Шәмшидинова.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар