Оқушылар оразада қайырымдылық көрсетті

/image/2019/06/10/img_9111.jpg

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мейірім өскіні» қайырымдылық еріктілер тобының оқушылары «Оразаның дәмі» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шара аясында жас зияткерлер Маңғыстаудағы үш отбасыға қамқорлық көрсетіп, азық-түлік және бір қойдың бөлігін ұсынды.ораза

-Біздің қайырымдылық топ осыған дейін өткізген шаралардан түскен қаражат жиналған еді. Сол ақшаға бір қой мен азық-түлік алдық. Қойды үш отбасыға бөліп тапсырдық. Бұл арқылы біз қайырымдылық жасау үшін көп соманың қажет емес екендігін көрсеткіміз келді, -дейді білім ордасының биылғы жылғы түлегі Жұмабек Аман.

Зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған қайырымдылық тобы осыған дейін де бірнеше шараларды ұйымдастырып, аз қамтылған отбасыларға мүмкіндіктерінше көмектесіп келеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар