Ринат Зайытов және бір топ тәуелсіз бақылаушылар сайлау қорытындысымен келіспейтінін мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олар бүгін кешке Алматы қаласындағы штабтың алдына жиналады.
"Ассалаумағалейкум аса қадірменді қазақстандықтар, алданған сайлаушылар! Біз тәуелсіз бақылаушылардың бір тобы өз атымыздан жасайтын мәлімдемеміз бар. Біз ресми түрде жариЛанған сайлаудың нәтижесін жалған деп танимыз. Себебі біздің қолымыздағы дәлел өте көп. Көптеген заң бұзушылықтардың өзін ескергенде мұндай нәтижесе болмағанын ашық айтамыз. Сондай-ақ осы мәлімдемені көпшілікке жариялау үшін бүгін сағат 18:00-де Момышұлы Рысқұловтың қиылысындағы штабтың алдына жиналамыз", - деп мәлімдеді Ринат Зайытов.
Пікір қалдыру