Жапон инвесторлары Арыстағы зардап шеккендерге көмектесуге тілек білдіріп отыр

/image/2019/06/25/whatsapp-image-2019-06-25-at-15.01.20-2.jpeg

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесуде жапон компаниясының өкілі осыны мәлімдеді.
- Түркістан облысындағы қайғылы оқиға туралы бәріміз де хабардармыз. 40 мыңнан астам зардап шеккендер бүгінде үйіне орала алмай отыр. Жапониядағы атом электрстанциясындағы апат кезінде Қазақстан біздің халқымызға өлшеусіз көмек, қолдау көрсетті. Біз оны ұмытқан жоқпыз, сондықтан зардап шеккендерге қолымыздан келгенше көмектесуге деген ниеттеміз,-деді «Tokyo Rope Almaty» ЖШС-нің бас директоры Такеяма Тошио. Жапон
Өңір басшылығымен кездесу кезінде жапон инвесторлары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күншығыс елінің бизнес – компанияларының атырау өңіріне қызығушылық танытуының себебі - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы неғұрлым ірі жобалары осында шоғырланған. Өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін Атырауға «Metal One Corporation», «Metal One Steel Products Corporation» және басқа да компаниялардың басшылығы келді. Жапон
​Әлем бойынша болат өнімдерін өңдеумен шұғылданатын 160 жапондық және шетелдік компанияларымен жұмыс жасайтын «Metal One Corporation» компаниясы болат дистрибьюциясы саласындағы көшбасшы болып табылады.
«MetalOneSteelProductsCorporation» жалпыұлттық көлемде сым шыбықтарын, арнайы болат және тот баспайтын болат шығарумен айналысады. Жапон
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев инвесторларды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырып, Елбасының, Президенттің ел экономикасына инвестициялар тартуға зор маңыз беріп отырғанын атап өтті. «Біз тиімді қарым-қатынас үшін қажетті барлық жағдайды жасаймыз, екіжақты ынтымақтастың әлеуеті зор»,-деп өңір басшысы атап айтты.
​Жапондық инвесторлар өнім өндіретін өз зауытын салуды жоспарлап отыр. Жұмыс сапары кезінде олар болашақ құрылыстың алаңшасын қарайды. Сондай-ақ, индустриалдық мұнай химиясы технопаркінің жұмысымен танысады. Жапон

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар