Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Маңғыстау облысында «Нұр Отан» партиясының облыстық, аудандық және ауылдық филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Онда Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға қажетті тұрмыстық заттар мен азық-түліктер жиналуда. Бұған қоса, партияның облыстық филиалының ұжымы бір күндік жалақыларын аударды.
-Барлық мекеме жұмысшылары мекемелер, тұрғындар бізде гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс жасап жатыр сондықтан кімде кім қандай көмек беретін болса, келіп көмектерін беруге болады. Мен Маңғыстаулықтарды өзімнің партияластарымды бастауыш партия ұйымдарын осы Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсетуге шақырамын, дейді «НҰР ОТАН» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов.
Сондай-ақ, Арыстағы ағайынға Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұжымы да бір күндік жалақыларын аударатын болып шешті. Мұны облыс, қала мен аудандардағы барлық қызметкерлер бір ауыздан қолдап отыр. «Бастың амандығы, елдің тыныштығы, ана мен бала жыламай, шаңырақ шайқалмай, мемлекет іргесінің бүтіндігі-осы біздің баға жетпес құндылығымыз екенін түсінейік! «Атамекен» ҰКП зардап шеккендерге қолдау білдіріп, көмек көрсету үшін «Менің Атамекенім» қорының есепшотын да ұсынады»,- дейді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев.
Пікір қалдыру