Алаңдағы Арыс тұрғындарымен сөйлесуге атақты уағызшылар келді (видео)

/image/2019/06/27/crop-137_77_614x1092_snimok-ekrana-39.png

Шымкенттегі "Бекжан" базарының маңынан басталған Арыс тұрғындарының наразылығы әлі жалғасып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Арысқа енді бармаймыз, бізге басқа жерден үй берілсін" деп талап қойған наразылардымен сөйлесуге Ислам дінінің уағыздаушылары Абдуғаппар Сманов пен Арман Қуанышбаев келді. Олар наразы топты сабырға шақырып, үйлеріне тарауға шақырды. 

Наразы халық бұған дейін де Арыстағы оқ-дәрі қоймасында үш рет жарылыс болғанын, енді Арысқа тағы көшіп барса, жарылыстың болмайтынына ешкім кепілдік болмайтынын айтты. 

Сманов жарылыстың болу-болмауын бір Алла білетін, бірақ Үкіметте енді жарылысқа жол бере қоймайтынын айтты. 

"... Оның жарылатынан я жарылмайтынын жалғыз Алла біледі. Бірақ енді Үкіметтің де көзі ашылды. Үкімет мұның (ред -оқ-дәрінің) қауіпті екенін көрді. Бұдан кейін енді оларда бұған барғызбайды", - деді Сманов. 

Ал Арман Қуанышбаев наразы топты билік өкілдерінің беріп жатқан уәдесіне сенуге шақырды.

"Біз сіздермен біргеміз, бауырлар! Сөзбен емес іспен де дәлелдеп жатырмыз. Үкіметте сіз бен біздің балаларымыз. Кеше ғана президент Тоқаев келіп "арнайы коммисия құрамын, бәрін шешіп беремін" деп айтты ғой. Ол кеше ғана президент болған адам. Уақыт берейік", - деді Қуанышбаев.

Наразылар Сманов пен Қуанышбаевтың бұл айтқандарына құлақ асқан жоқ. 

Бүгін, яғни, 27 маусымда сағат 11.00 шамасында "Ақмешіт" мешіті алдындағы Темірлан көшесін Арыс тұрғындары жапқан. Наразылар "өздерін төрт рет жарылыс болған Арыс қаласынан басқа жаққа көшіруді, үй не жер беруді" деп талап етті. Наразы жұртқа Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов келіп, мешіт ішінде кездесу өткізді. Әбдірахымов наразыларға "Шымкентте баспана кезегінде 150 мың адам тұр, тарататын үй жоқ" деп жауап берді.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар