Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді

/image/2019/07/17/crop-4_6_524x698_10965868.jpg

Ыстықкөлде үш күн із-түзсіз жоғалған Аркадий есімді Қазақстан азаматы не жағдай болғанын әңгімелеп берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы уақыт ішінде оны жергілікті милиционерлер мен құтқарушылар іздеген, дегенмен ер адам Қара-Ой ауылындағы демалыс үйіне таксимен өзі оралған. Ол екі тәулік суда болған, скутері батып кеткен соң жағалауға дейін бірнеше километр жүзуге тура келген     

Аркадий Ыстықкөлді жүзіп өту ойында болмағанын айтады. Дегенмен скутерді жалға алған соң оңтүстік жағалауға барып, сонда серуендеуге шешім қабылдайды. 15-20 минуттан кейін бензині таусылған. Ол көлдің ортасында құтқару жилеті және суға түсуге арналған ішкиіммен қалған.

"Оңтүстік жағалау жақын деп ойладым. Жағалауға дейін шамамен 7 километр қалды. Скутерде отырған күйі қолмен есе бастадым. Дегенмен осы кезде қатты дауыл тұрып, адам бойымен бірдей толқындар пайда болды. Жел мені кері қарай әкетті", - дейді ер адам.

Осылайша ол жағалауға жете алмаған, екі күн скутерде түнеген. Екінші түні аспан ашық болған, жағалаудан жарық көрінген. Алайда дауыл қайта басталады. Таңертең Аркадий Каджи-Са ауылы аумағында болған. Скутері суға батып кеткен кезде жүзіп жетуге шешім қабылдайды.

"Үмітімді үзбедім, нәтижесінде жағалауға жетіп, талдың түбінде демалдым", - деп толықтырды Аркадий.

Ол өзімен бірге ақша алып жүрген, елдімекенде шорты, аяқкиім сатып алып, таксимен Балықшы елді мекеніне жеткен, сол жерден пансионатқа барады. 

Айта кетейік, скутердің иесі шығынды өтеу туралы арыз түсірген. Аркадий ақысын төлеуге уәде берді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар