Орыстар арада қаншама ғасыр өтсе де Шыңғысханды ұмытпаған!

/uploads/thumbnail/20170708182143325_small.jpg

ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ТЕЗІ Ресей империясында орысеместердің барлығын әуелден "татарлар" дейтін әдет бар. Әсіресе, олар түрік тұқымынан шыққандарды осылай атаған. Расұл Ғамзатов Сәбет Одағының маршалы Климент Ворошиловтың өзімен кездескенде үнемі: «Иә, татар, қал-жағдайың қалай?» деп амандасқанын есіне алады. «Сосын, бір күні,-дейді, сөзін ары қарай сабақтаған Ғамзатов, шыдай алмай кетіп, «Климент Ефремович, мен татар емеспін,-- дағыстандық авармын!» дедім. Маршал болса: «Жә, қызбаланба, Расұл,- сіздерді, орысеместердің барлығын бізде баяғыдан татарлар деп атайды!»,-депті!»(ФБ). Орыстар арада қаншама ғасыр өтсе де Шыңғысханды ұмытпаған! Серік Ақсұңқарұлы, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар