Наразы халық қытай компаниясының елден кетуін талап етті (видео)

/image/2019/08/06/crop-15_9_557x990_6268f90b-510b-4df4-9462-0a8f0be2e935_w1023_r1_s.jpg

Қырғызстанның солтүстігінде халық Солтон-Сары кенінен қытайлардың кетуін талап етті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Нарын облысына қарасыты Солтан-Сары кеніне шамамен 50 адам жиналды. Комбинатты қытайдың "Жоржи Майнинг" компаниясы салып жатыр.

Жиналған халық қытай компаниясының Солтон-Сарыдан кетуін талап етті.

Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, кен маңында жанжал болып, жергілікті тұрғындар компанияның бір қызметкерін соққыға жыққан. Нарын облысының губернаторы Аманбай Кайыпов халықпен келіссөз жүргізу үшін Солтон-Сарыға аттанған.

Бұның алдында, 4 тамызда осы жерде шамамен 30-ға жуық малшы пикет өткізіп, қытай компаниясын айыптаған.

Сол кезде Нарын ауданы әкімінің орынбасары Жаныш Ибраимакунов болған оқиғаға құқықтық баға берілетінін ескерткен.

Қытайдың "Жоржи Майнинг" компаниясының халықпен байланыс бөлімінің қызметкері Малик Камиловтың хабарлауынша, бір күн бұрын кенде болған жағдайға қатысты кінәлі деп танылған жағдайда, компания жауапкершілікті көтеруге дайын.

Еске салайық, 3 тамызда Солтон-Сарыда жергілікті тұрғындар мен компания өкілдері арасында жанжал болып, Оттук ауылының екі тұрғыны зардап шеккен. Қазір олар ауруханада жатыр. Қытай компаниясының 12 өкілі Нарын аудандық ішкі істер бөлімінде тергеуден өтіп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар