Сәрсенбі күні арнайы жасақ үйіне шабуыл жасаған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев биліктен өзіне күш жұмсамауға шақырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі interfax.ru сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін мені ұстап әкетпек болды. Өкінішке орай, бейбіт тұрғындар жапа шекті. Себебі, тұтқынға алуға «Альфа» арнайы жасағы жіберілді. Атамбаевтың аузын жауып, қамауға алып немесе өлтіруі үшін билік бейбіт тұрғындарды атуға дейін барды. Бұл шектен шыққандық» - деді Атамбаев өзіне тиелісі «Апрель» телеарнасының эфирінде.
Бұрынғы президент өзінің де, Қой-Таш ауылындағы үйінде жиналғандардың да террорист емес екенін мәлімдеді. Бірақ әскери күш жұмсалған. «Өкінішке орай, билік менің заң шеңберіне шығайық деген ұсынысымды қабылдамады. Мен бірнеше рет қағаз жүзінде жауап жазып, БАҚ арқылы сұрақтарына жауап беруді де ұсындым. Бірақ одан бас тартты. Қазірдің өзінде барлық сұраққа жауап беруге дайынмын. Мысалы, Батукаевтың (криминальды мансабы үшін 2013 жылдың сәуір айында заңсыз бостандыққа шыққан) ісіне қатысты. Оған менің түк те қатысым жоқ» - деді Атамбаев.
Ол билікті «ойланып», «заң шеңберіне» кіріп, «өз халқына оқ атпауға» шақырды.
Еске салайық, кеше, 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған еді. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған.
Пікір қалдыру