Президент құмар ойындарды заңдастырмақ

/image/2019/08/08/crop--6_1_436x774_1cb3334281bc29e330379a15b149cdf0.jpg
Украина президенті Владимир Зеленский құмар ойындарды заңдастыру жөнінде өз ойын ортаға тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.  
 
Оның ұсынысы бес жұлдызды қонақ үйлердің жұмысына қатысты. Президенттің айтуынша құмар ойындар бизнесін заңдастыру елдегі туристік топтың дәрежесін көтереді-мыс.
 
Сәуір айында, президенттікке кандидат кезінде, ол украинадан Лас-Вегас жасап шығуға болатынын айтқан еді. Мемлекет басшысының пайымдауынша қоғам қарсы болмайтын секілді. Таңдап алынған қала дамып, бюджетке қосымша табыс келер еді.
 
Құмар ойындарға Украинада 2009 жылдан бері тыйым салынған.
 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар