Қыркүйектің 20-сына қараған түні баспана мен жәрдемақы мәселесін шешуді талап еткен 20-дан астам әйел Нұр-Сұлтандағы ұлттық экономика министрлігінің алдында түнеп шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық Радиосының мәліметіне сүйене отырып.
Аналар кеше Ақорда маңына жиналып, әлеуметтік мәселелерінің шешілуін талап еткен еді. Аналар алғашқы жарнасыз төмен пайызбен баспана беру, "көп бала, аз бала" деп бөлмей, кәмелетке толмаған әрбір балаға жәрдемақы төлеу сынды талап қоюда.
- Мына үкімет бізді "бомж" құрлы көрмеді. Бір рет те келіп "не үшін отырсыңдар?", "қандай мұң-мұқтаждарың бар?" деп бір адам сұраған жоқ. Сенесіздер ме? Көп балалы аналардың бәрі министрлік алдында қондық, - деп налыды жеті баланың анасы Жанар Баймұхаметова Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.
Пікір қалдыру