Қадыр Мырза Әли: Жеңімпаз қораз көмейі жыртылғанша бақырады

/image/2019/09/21/crop-3_5_213x284_20150624000939.jpg

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әли  (1935 2011) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының иегері.

Qamshy.kz ақпарат агенттігі  көзіқарақты оқырмандарына ақынның  даналық сөздерін ұсынады.


Ешкімнің есігін теуіп ашпа!

***

Түсінбеген шәкірт сұрақ қоймайды.

***

Қараңғыда көлеңке болмайды.

***

Сараңның жиғаны жаназасына кетеді.

***

Тасбақаға бұршақ түгіл, тас жауса да бәрібір.

***

Көсіп сөйлейтінмен халыққа,

Бөсіп сөйлейтінмен балыққа барма!

***

Қайыршыға көшенің бәрі бір.

***

Аспанмен тірескен қақпа сала алсаң да,

Елдің аузына қақпақ қоя алмайсың.

***

Гүл жоқ жерде көбелек болмайды.

***

Бүкір адам қап арқаламайды.

***

Түймедей іске де түйедей ақыл керек.

***

Даңқ қуғанға жеткізбейді,

Қашқаннан қалмайды.

***

Жылай-жылай бергеніңді,

Қуана-қуана қайырасың.

***

Жағымпаз қашанда жеңімпаздың жағында.

***

Жасық жігіттен шымыр шал артық.

***

Ақшаң жоқта ағайының да айналып өтеді.

***

Иттің шешесі біреу, әкесінде есеп жоқ.

***

Тал түсте өз көлеңкең өзіңе тығылады.

***

Қалтаң кеңіген сайын көңілің тарыла түседі.

 

(жалғасы бар)

Оқи отырыңыз, ♦Қадыр Мырза Әлидің қадірлі сөзі: "Біз бір-бірімізге өмір сүргізбей жүрміз"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар