Биылғы астық көлемі 15 пайызға азайды

/image/2019/09/24/crop-107_2_506x675_01-5-800x480.jpg

Биыл Қазақстанда бидай бітік шықпаған. Шілденің ыстығында бірқатар егіс алқаптары күйіп кеткен. Құрғақшылықтан Қостанайдың 8 ауданының алқаптары қатты зардап шекті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі informбюро сайтының мәліметіне сүйеніп.

Жоспар бойынша 20 млн тонна астық жиналады деп күтілген. Егілген барлық дақылдардың көлемі 22,2 млн гектарды құрады. Оның ішінде бидай 6 млн гектар аумаққа себілді. Әзірге жиналған өнім көлемі – 9,2 млн тонна. 

Бидайдың өнімділігі орташа есеппен гектарына 4-5 центнерден аспапты. Бұдан бөлек көптеген егістік жерлерінің топырағы құнарсызданып кеткен.

Енді қазақстандықтарды дәнді-дақыл және ұн өнімдерімен қамту үшін Үкімет Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында жиналатын астыққа үміт артып отыр. Бұл туралы 20 қыркүйекте Алматыда өткен ҚР Парламенті Сенатының көшпелі отырысында мәлім болды.

– Биыл өте қиын болды. Егін егу және тыңайту жұмыстарын дер кезінде бастадық. Бірақ егін жоспардағыдай шықпады. Жылдағыдан 3 есе көп өнім аламыз деп ойладық. Алайда былтырғымен салыстырғанда астық көлемі 15 пайызға аз шықты. Күннің ыстығы қатты әсер етті. Қазір Солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, жиын-терімге кедергі келтіріп жатыр. Астықты судай жинап жатырмыз, әрине бұл да сапаға әсер етеді. Дегенмен, қанша өнім алғанымызды қамбаға құйғанда нақты айтамыз, – деді ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар