"Барселонаның" шабуылшысы, аргентиналық Лионель Месси Халықаралық футбол федерациясы - FIFA-ның ұсынуы бойынша "Жылдың үздік ойыншысы" атағын иеленді.
Месси дәл осы атақты 2009, 2010, 2011, 2012, 2015 жылдары да алған болатын.
Әлемнің үздік футболшысы атағына үміткерлердің қатарында "Ювентус" ойыншысы Криштиан Роналду мен "Ливерпулдың" голландиялық қорғаушысы Вирджил ван Дейк болды.
"The Best FIFA Football Awards 2019" мараппаттау рәсімі миландық "Ла Скала" театрында өтті.
Дереккөз: www.fifa.com
Пікір қалдыру