Қытай төңірегіндегі елдерге ешқандай зиянын тигізбейді. Кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері Парламенті төрағаларының 4-ші кеңесінде көрші елден келген делегат осындай пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасының дерегін негізге алып.
Еуразия құрлығындағы Парламент төрағаларының кеңесі биыл Нұр-Сұлтанда тұңғыш рет өткізілді. Алғаш Ресейде, одан кейін Кореяда, былтыр Түркияда, міне биыл Қазақстанда ұйымдастырылуда.
4-ші кеңестің тақырыбы — «Үлкен Еуразия:Диалог. Сенім. Серіктестік». Бұл тақырып тегін таңдалған жоқ. Себебі, Қазақстан астанасында өткен Сирия келіссөздерінің нәтижесін дүйім ел көріп отыр. Дәл сол сияқты, бір-бірімен дүрдараз елдердің арасына да арағайындық керек. Қос құрлықты жалғап жатқан Қазақстанға келген қонақтардың көкейіндегі түйткіл осы.
"Біз әлемдегі бейбітшілікті бағалаймыз әрі еліміздің барлық көршілерімен тең және достық қарым-қатынасты орнатып келеміз. Сондай-ақ, төңірегіміздегі бай болсын, кедей болсын, барлық елдің құндылықтары мен тәуелсіздігіне құрметпен қарап, оларға ешкім қысым жасап, зиянын тигізбесе екен дейміз", - деді Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының комитет төрағасы Ли Чжаньшу.
Қазір депутат болу оңай ма, қиын ба білмейміз. Бірақ оларға жүктелер міндет зор. Себебі, ол заң шығарушы органның өкілі. Ал заң шығару үшін ел ішіндегі, әлемдегі ахуал ескерілуі керек. Нұрсұлтан Назарбаев та "парламентарийлердің дауысы Еуразия континентінде қаттырақ шығуы керек" деген пікір айтты. Өкінішке орай, бізде контитент тұрмақ, камера көрсе қашатын, үндемейтін депутат көп.
Пікір қалдыру