Талас ауданында тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту мақсатында «Үй іргесіндегі жерлерді тиімді пайдалану», «Мал шаруашылығын дамыту», «Ауыл сыртындағы жерлердің тиімділігін арттыру», «Кооперативтер құру» және «Шағын кәсіпкерлік жобаларды қолдау» жобалары жүзеге асуда. Халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған бұл 5 бағыт бойынша ауданда 4 млрд. 415 млн. теңге құрайтын 1647 жоба әзірленген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
– Биылғы жылға Үшарал ауылдық округі пилоттық жобаға еніп, 626 млн. теңгеге 261 жобаға жеңілдетілген несиелер алуға жұмыстар атқарылуда.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобы тарапынан 17 қыркүйекке дейін округтегі 232 үйдің құжаттары тексерілді. Оларды түзетуге қатысты тиісті мекемелердің мамандары жергілікті жерде жұмыс жүргізіп жатыр.
2019 жылғы 17 қыркүйекке «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барлығы 19 құжат топтамасы тапсырылды. Бұл мақсаттағы жұмыстар тиісті мекемелердің қатысуымен тұрақты жүргізілуде.
Бұдан бөлек, кооператив құру, жабдықтау бойынша 227 миллион 375 мың 239 теңгеге «Талас-2020» ауылшаруашылық кооперативі құрылды, – дейді аудан әкімі Досмаханбет Алиев.
Ауданда, бұдан бөлек, инвестицияларды тарту бағытында да бірнеше жобалар жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 9,0 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Винд Пауер Сити» және «Винд Электрисити» ЖШС-нің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. «Амангелді ГАЗ» ЖШС-нің «Қайрақты» кен орнында қосымша ұңғымалар іске қосылды.
– Сондай-ақ, «Урбан Солар САС» франциялық компаниясы тарапынан қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын соғу мақсатында 150 гектар жер бөлу туралы сұраныс түсіп отыр. Қазіргі таңда жер қарастыру жұмыстары жүргізілуде.
«Талас инвестмент компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі цианид-натрий өнімін жылына қуаттылығы 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға арттыру мақсатында қосымша зауыттың құрылысы соғылатын болады. Жоба құны 18 млрд. теңге.
Сонымен қатар, ауданда 64 тарихи мәдени ескерткіштеріміз бар, алдағы уақытта осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы туризмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жұмыстарды іске асырған жағдайда қонақ үй, мейрамханалар және өзге де сервистік қызмет
көрсетумен айналысатын жергілікті кәсіпкерлер жұмыспен қамтылады, – дейді аудан басшысы.
Пікір қалдыру