Алматыда 3 қазан күні сағат 12.55-те жоспарлы жалпықалалық сейсможаттығу өтеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметінің дерегіне сүйеніп.
Жаттығу үш кезең бойынша ұйымдастырылады.
Бірінші кезең – Электросирендерді қосу арқылы халық «Барлығыңыздың назарларыңызға!» бірыңғай дабыл бойынша хабардар етіледі және телеарналар мен радиохабарлар автоматты түрде өшіріледі.
Екінші кезең - практикалық оқу Алатау ауданындағы № 180 орта мектептің аумағында өтеді. Мұнда құтқарушылардың іс-қимылы көрсетіледі, үйрету тренингтері өтеді.
Мектептерде, ауруханалар мен емханаларда шартты түрде зардап шеккендерді қабылдайтын пункттер ашылады. Жалпықалалық сейсможаттығу жыл сайын халықты жер сілкінген кезде жасайтын іс-қимылдарға дайындау мақсатында өтеді. ҚР БҒМ-нің сейсмология Институтының ұзақ мерзімді болжауы бойынша қала аумағында 7 және одан жоғары баллдағы интенсивті жер сілкінісі болмайды.
Пікір қалдыру