Досаев Президентке азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру жайында есеп берді

/image/2019/10/03/crop-68_5_283x377_photo_59954.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, инфляцияны нысаналы дәліз шеңберінде сақтау, экономиканы кредиттеудің сапалы өсуін қамтамасыз ету туралы баяндалды.

Сонымен қатар жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде мәлімет берді.

Е.Досаев Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы жайына да тоқталды.

Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы Президенттің қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты.

Президент Ұлттық банк төрағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар