Украинаның президенті Зеленский 14 сағатқа созылған пресс-конференция өткізіп, рекорд орнатты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Киев қаласында болған пресс-конференция күндізгі 10:00-де басталып, түн жарымда аяқталған.
Конференция барысында президент журналистерге тамақ ұсынып, бірқатар маңызды мәселелерді емін-еркін отырып талқылады. Зеленскийге 100-ден астам шетелдік және украиналық журналистер сұрақ қойды.
Сондай-ақ Украина президенті Майдандағы наразылықтар, Донбасстағы соғыстың аяталуы, «Штайнмайер формуласы», Дональд Трамптың «қысымы» туралы пікір білдірді.
"Мен бірінші Путинге хабарластым. Сөйлесіп, пікір алмастық. Басқа да қоңыраулардың бәрін мен жүргіздім. Шынымен соғыстың тоқтағанын қалаймын. Бірінші болып хабарлассам менің басымдағы тәжім түсіп қалмайтыны анық. Біздің тараптан алғашқы қадамдар жасалды деп сенімді түрде айта аламын", - дейді Зеленский.
Соңғы сағаттарда Зеленский сөйлеуге қиналып жатқанын айтты. Даусын жоғалтып алмау үшін президент арнайы екпе салдырды.
"Байланыс менің ең әлсіз тұсым. Мұны білетін де шығарсыздар. Бірақ біз алдын ала дайындалдық. Егер даусымды жоғалтсам, қайтарамыз" , - деді Зеленский.
Пікір қалдыру