Айтыскер ақын Ринат Заитов Ақтөбеде өтетін Орта Азияның ақырғы арыстаны атанған Жалаңтөс баһадүрге арналған айтысқа қатысады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" қоғамдық бірлестігі хабарлады.
Айтыскерлер одағының хабарлауынша, Ринат Заитов қатысатын айтыс 26 қазанда Ақтөбедегі "Өнер орталығында" сағат 16:00-де өтеді. Айтысқа Зайытовтан басқа Айбек Қалиев, Аспанбек Шұғатаев, Мұхтап Ниязов, Аруна Керімбек, Талғат Мықи, Сырым Әуезхан сынды ақындар қатыспақ.
Еске сала кетсек, Ринат Заитов шілде айындағы 2 айтыстан шектетілген болатын.
Пікір қалдыру