АҚШ-та қайтыс болған 17 жастағы Дэвин Айсұлу Такабаридің суицид жасауына не себеп болғаны белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының дерегінің негізге алып. Бұл туралы оның асырап алған әкесі айтып берді.
Айсұлуды 1 жасында Қостанай қаласынан америкалық ерлі-зайыпты асырап алған. Кішкентай кезінде көйлек киіп, домбыра сабағына қатысып, сурет салуды жақсы көрген. Алайда есейе келе өзгере бастады.
Ал жасөспірім кезінде Айсұлу өзінің трансгендер екенін айтып, атын Дэвин деп өзгерткен. Кейін ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) белсендісі болыпты.
"Ол ұл болатынын айтты. Бірақ физикалық жағынан трансгендер емес еді. Осылайша Диана Айсұлу Дэвин болды. Біз қайран қалдық. Бірақ оған қолдау білдіруге тырыстық", - дейді Айсұлудың асырап алған әкесі Уайн Тэкабари.
Сондай-ақ әкесі соңғы кездері Айсұлудың мінезі өзгеріп, қиындап кеткенін айтты.
"Соңғы 3 жылда ол қатты қиналды. Тіпті емханада жатып, эмоциясын басқаруды үйренді. Сонымен қатар, Девин бір жігітті қатты жақсы көрген. Жауапсыз махаббаттан зардап шекті. Оның үстіне жаңа, жоғары мектепте үлкен қысымға тап болды. Кейін мұның бәрі оның өзіне қол жұмсауына себеп болды. Суицид жасады", - деді Айсұлудың асырап алған әкесі.
Ютубтағы комменттер:
Жанерке Жалайыр :Бізге бергенде әдемі қыз болып өсермеді ? Ең бастыстысы ата аналық махабатымызды аямас едік қазақи тәрбие алып иманды болар еді обалың шетелге сатқан сатқындарға болсын. Талгат Корпешов: Наши люди хотят усыновить детей, но везде требуют хороший откат, все превратили в бизнес, Гульназ Заманханова: Осыдан біраз жыл бұрын дәл осы Америка еліне Қазақстан Республикасының 2бауыр ұл мен қызды сол елдің азаматтары сатып ап екеуін де зорлаған еді ғой осы Америкалық ерлі-зайыпты Жетімнің көз жасына қалғандар оңбасын осы дүниеде де ахиретте де". Рашида: В детдомах специально держат детей, это большие деньги и отдают иностранцам тоже из-за денег. Kim Taehyun: продают детей, твари за деньги. Кіші Жүз :Соғыс мезгілінде қазақтар басқа елдің балаларын асырады қазіргі билік шетелге бала сатуда. Aiko Serik: Мына америкалық туринен коринип тур ғой балаға калай караганы.Баланың көзінде мұң.Алла тағала балаларын балалар үйінде калдыргандарды катты жазаласа екен