Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 8,2%-ке өсті

/image/2019/11/06/crop-66_11_583x777_2da8dc677f48c56491d3328f78964e88_xl.jpg

Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-қыркүйек аралығында елімізде 56 млрд теңгеден астам сомаға дәрі шығарылған.

Жалпы барлық фармацевтикалық өнім өндірісінің жиынтық көлемі бір жылда шамамен 10 млрд теңгеге артқан. Өндіріс пен бірге баға да өскен.

«Дәріханалардағы препараттардың құны 8,2%-ке қымбаттаған», – делінген хабарламада. Әсіресе, витаминдер бір жылда 11,4%-ке, анальгетиктер 10,6%-ке, корвалол мен антибиотиктер 9,3%-ке қымбаттады. Алайда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі балаларға рецептпен берілетін барлық дәрі-дәрмекті медициналық сақтандыру есебінен тегін беруге ниетті.

Тағы бір айта кетерлігі, саладағы өндіріс орындарының барлығы дерлік еліміздің 3 өңірінде шоғырланған. Бұл Шымкент, Алматы облысы және Алматы қаласы. Халықаралық талдауға сай, қазақстандық фармацевтика нарығындағы үлес бойынша үздік 15 корпорация тізіміне тек екі компания  кірген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар