Тірілерден қайыр жоқ... Аруақтар, тұрыңдар!

/image/2019/12/23/crop-208_27_878x1171_0258.jpg

Адыра қалып ар-намыс, қасиет, кие, ырымдар,...
Ұрғашылық қылғасын, әрбір теке қырындар.
Жанардан от кеткен соң табаннан бүр
Тірілерде қимыл жоқ .... Аруақтар, тұрыңдар!

Бір қарасаң бәрі бар: жерім де бар, жырым бар,
Тілім-тілім демесең, тілім де бар, ділім бар.
Сол «бар»-лардың бәрінен айрылуға аз-ақпыз
Тірілерден қайран жоқ .... Аруақтар, тұрыңдар!

Түркістан

Рух өлмейді ... Тірісің. Біз білмейтін сырың бар...
Тұрыңдар да ұрпақты ұйықтап жатқан ұрыңдар!
(Қимылы жоқ, қаны жоқ - бірің өл де, бірің қал).
Тірілерден қайыр жоқ .... Аруақтар, тұрыңдар!

Нұрлан Сәдір

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар