Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өзінің "жұмысқа уақытша қабілетсіз" екенін мәлімдеп, өкілеттілігін үкімет төрағасы Мүслім Хучиевке өткізді, деп жазады lenta.ru.
Ресми құжатта Қадыров "жұмысқа уақытша қабілетсіздігіне" байланысты өкілеттілігін 13 қаңтардан бастап тапсырғаны жазылған.
Шешенстанның ұлттық саясат, сыртқы байланыс, баспа мен ақпарат министрі Жамболат Омаров "Говорит Москва" радиостансасына мемлекет басшысының шешімі туралы ешнәрсе білмейтінін айтқан.
Пікір қалдыру