Қазақ тілі тек Бізге ғана қажет екенін Ұмытпаңыздар!!!

/uploads/thumbnail/20170708190803555_small.jpg

Алматы облысының маржан көлі - Алакөлде "Қазақ тілін ұлттық салт-дәстүр арқылы үйретудің әдістемелік жолдары" атты жеті күндік семинар басталды. Әр облыстың "Қоғамдық келісім кеңестерінің" әдіскер мамандары қазақ тілін үйретудегі тәжірибелерімен алмасады. Он жылдан кейін қазақ тіліне деген қажеттілік жүз пайызға жетеді деген үміттеміз. Осыған орай, әр қазақ азаматы қазақ тіліне өзіндік үлесін қосу қажет. Үкіметке "қол жайып" отыра бергенше, көшедегі дұрыс аударылмаған немесе дұрыс жазылмаған жазуларды, жарнамаларды немесе маңдайшаларды суретке түсіріп, жазулардың иелеріне кіріп, түсіндіріп, ескертіп, нәтижесін қадағаласа, қазақ тілі бес жылда өз мәртебесіне толыққанды ие болар еді. Әр қазақ тек бір ғимаратты немесе бір дүкенді алса, қаладағы қазақ тіліне жаны ашитын 100 000 қазақ қаншама үлес қосар еді. Ұялы телефонға төбелес пен мастарды, бишілер мен анайы қылықтарды түсіргенше, қазақ тілінің қателіктерін түсіріп, нәтиже шығарып, бейне есеп беріп отырсаңыздар қандай керемет үрдіс болар еді. Қазақ тілі тек Бізге ғана қажет екенін Ұмытпаңыздар!!!

Дос Көшім, facebook

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар