Кейде әлдебіреу қазаққа әдейі сынақ жүргізіп жатқандай ойға қаламын. Мақсаты - осы елге тағы қандай қастандық жасаса, тағы қандай зұлмат ұйымдастырса, оянар екен, өр түрегелер екен деп. Сондағысы жері уланып, малы қырылуда, аналары түсік тастауда иә туа біткен мүгедектерді дүниеге әкелуде, ұлттық болмысы тұншықтырылып, жастары бөтен жалтырақтарға әуестенуде не шетелге бас сауғалауда, жоқшылықтан қарттары өз-өздеріне қол жұмсауда, руханияттылық пен имандылық орнын қаныпезерлік пен затқұмарлық басқан. Бірақ, әлгі сынақ бастапқы қойған нәтижесінсіз қалуда, демек, жалғаса да бермек. Тәубешілікке мастанған тас ұйқы аяқталмайынша.
Расұл Жұмалы, facebook
Пікір қалдыру