Иран билігі ел аумағында коронавирустың өршіп кетуіне байланысты шамамен 54 мың тұтқынды уақытша босатты. Бұл туралы BBC хабарлады.
Олардың жазуынша, түрмеден арнайы сынақтан өтіп, коронавирус жұқтырмағанын дәлелдеген тұтқындар ғана ақшалай кепіл қалдырып босап шыққан. Иран сотының ресми өкілі Голамхосейн Эсмаилидің айтуынша, бес жылдан артық мерзімге сотталғандарға мұндай жеңілдік берілген жоқ.
Иран коронавирус жұқтырған және вирустан қайтыс болған адамдар саны жөнінен Қытайдан кейінгі екінші орында. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бұл елде 2340 адам коронавирус жұқтырып, 77 адам көз жұмған.
Пікір қалдыру