БҰҰ Пандемия дүниежүзілік азық-түлік жетіспушілігі қауіпін төндіруі мүмкін деп дабыл қағуда, деп жазады CNN.
Шекаралардың жабылуы, қозғалыстың шектелуі, тасымалдау және авиация салаларындағы үзілістер әлемдік азық-түлік өндірісі мен тауар тасымалын қиындатты.
Коронавирус жаһандық деңгейде бизнестерді тоқтатып, тіпті кейбір кәсіпорындарға банкрот болу қаупі туды, оған қоса өнімдер жеткізу тізбегінен үзіліп, азық-түлік жетіспеу қаупі тууы мүмкін.
Бұл балама азық-түлікпен қамдау көздері аз елдерге үлкен қатер төндіреді.
БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі комитетінің дерегінше, бүкіләлемдік азық-түлік қауіпсіздігінің тұрақсыздығы табысы төмен азаматтарға қатты әсер етеді.
– Үкіметтер, бизнес, азаматтық қоғам және халықаралық агенттіктер пандемияның әлемдік азық-түлік және гуманитарлық дағдарысқа айналуының алдын алу үшін шұғыл және өзара келісілген іс-қимыл жасауы керек, – деп БҰҰ-да ашық хат жарияланған әлем көшбасшыларына.
Пікір қалдыру