Мұнай бағасы: Шетел сарапшылары не дейді?

/image/2020/04/21/crop-3_1_324x580_c8300f9127ee4e20b54f133c4149a710_18.jpg

Мұнай бағасында бүгін тарихта болмаған антирекорд тіркелді. Қара алтынның бағасы алғаш рет 0 доллардан төменге түсті. Осы жағдайға байланысты Қамшы тілшісі шетел басылымдарына, әсіресе, Reuters және Al Jazeera-ның сараптамаларының пікірлеріне шолу жасады. 

Мұнай бағасында тарихи құлау орын алғаннан кейін көп ұзамай баға біршама қалпына келді. Алғаш рет Америка Құрама Штаттары мұнайының бағасы $ 0-дан төменге түсті. Соңынан біртіндеп көтеріле басады.

АҚШ-тың West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай жеткізілімі алдыңғы сессияда барреліне 37,63 долларға арзандағаннан кейін, бір баррель үшін $ 38,73 долларға көтерілді.

WTI үшін мамыр айындағы келісімшарт сейсенбіде аяқталды, ал неғұрлым белсенді сауда жасайтын маусымдық келісімшарт бойынша барреліне $ 1,72 цент немесе 8,4% көтеріліп, баррель үшін $ 22,15 құрады.

AxiCorp-тің Азия-Тынық мұхиты нарықтарындағы стратегі Стивен Иннес Al Jazeera-ға АҚШ шикізаттық фьючерстерінің теріс бағасы жай ғана техникалық салдар болғанына қарамастан, "бұл сұраныстың бұзылғанын білдіреді, өйткені ешкім мұнайды сақтағысы келмейді" деген.

– Егер ОПЕК бұдан әрі мұнай өндірісін қысқартпаса, осылай кете беретін болса, несиелік, банктік рисктер, жұмыссыздық рискі сияқты көптеген қиындықтарға әкелуі мүмкін, – деді Иннес.

Жаһандық эталондық Brent маркалы мұнай бағасы маусым айында жеткізілім үшін 49 цент немесе 1,9 пайызға көтеріліп, барреліне $ 26,06 болды.

– COVID-19 салдарынан туындаған сұраныстың азаюы АҚШ экономикасының баяу қайта қалпына келуіне әкеп соқтырады, – деді OANDA брокері, аға сарапшысы Эдвард Моя мұнай бағасының әлсіз кезеңін болжап.

Оның айтуынша, WTI мұнайының маусымдық келісім-шарты бір баррель үшін 20 долларды ұстап тұрды. Ал, мамырдағы келісімшарт бойынша, осы жолғы ауыр соққыдан кейін аз ғана пайда көре бастайды.

– Туризмге шектеулер мен карантин сияқты шаралар мұнай бағасына кері әсер етті. Бұндай коронавирус шектеулері жаһандық отынды пайдалануды шектейді, сұранысты әлем бойынша 30 пайызға төмендетеді. Салдарынан шикізат қорларының өсуіне әкеліп соқты да, оны сақтау орындарын табу қиындай түсті, – деді Эдвард Моя.

Ал, АҚШ-тың Окламаха штаты, Кушингтегі басты мұнай сақтау орны бірнеше аптада толады деп күтілуде.

– Бүгінгі таңда нарықтағы негізгі мәселе – бұл АҚШ-тағы ұсыныстың артуы және сақтау сыйымдылығының болмауы, – деді Сиднейдегі CMC Markets бас маркетологы Майкл МакКарти.

Дағдарысқа байланысты Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) және оның одақтастары Ресей, жалпы ОПЕК + деп аталатын топ елдер өндіруді күніне 9,7 миллион баррельге қысқартуға келісті. Бірақ бұл келісім мамыр айынан кейін басталады. Бірақ олар келіскен мұнай өндірісін қысқарту мөлшері нарықтағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге жеткілікті ықпал етпеуі мүмкін дейді сарапшылар.

Al Jazeera-ға сұхбат берген Иннес "ОПЕК + өндірісті көп мөлшерде қысқартуды қарастыруы мүмкін және АҚШ жеткізілімнің төмендеуін қарастыруға мәжбүр болады, өйткені мұнай бағасын дұрыстау үшін "барлығы бірге жұмыс жасауға тиіс. Қауіп тым жоғары" деді ол.

Бұл қауіп тек қаржы нарығында шикі мұнай сатып алатын инвесторларға ғана емес, сонымен бірге мұнай-газ саласында жұмыс істейтін миллиондаған адамдарға да байланысты екенін айтты.

Рейтер ақпараттық агенттігінің бес сарапшысы жүргізген сауалнамаға сәйкес, АҚШ-тағы шикізат қорлары сәуірдің 17-сіне дейінгі бір апта ішінде шамамен 16,1 миллион баррельге өскен. Бұл – тарихтағы ең көп мөлшер. Сарапшылар өткен аптада бензин қоры 3,7 миллион баррельге өсті деп болжап отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар