Баян Есентаеваны үлгі тұтып, пір санайтындардың саны көп. Олардың басым бөлігі сұлулыққа жаны құмар қыз-келіншектер екені белгілі.

Баян Мақсатқызына еліктейтіндер тек қарапайым халық қана емес. Оның қанатының астына алған қыздары да продюсердің образын қайталап, көпті таңқалдыруда. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы comode.kz- сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Баянның шаш қою үлгісін қайталап, суреттерін жариялаған өнер иелері оқырман сынына ұшырады.

Мысалға, актриса, жүргізуші Гүлнәз Жоланова продюсерінің шаш қою стилін өзіне таңдаған секілді. Суретке бір үңіліп қарайтын болсаңыз, Баянмен ұқсастықты байқауға болады.

Бірнеше жыл бойы Баянның қасында жүрген, бұрынғы «Кеш you» тобының мүшесі Камшат Жолдыбаева да «болмасаңда ұқсап бақ» деген мақалды ұстанған сияқты.

Ол да Есентаеваның шаш қою үлгісін қайталап, суреттерін оқырман арасында бөлісу барысында, желі пайдаланушылары «продюсерінің көшірмесі» деген пікірлерін қалдырды.
