Халықты өз ақшасымен әлдилеудің керегі жоқ еді

/uploads/thumbnail/20170708192855551_small.jpg

Негізі шындығын айтайын ба?Долларды баяғыда еркін қозғалысқа жіберу керек еді...Ресеймен қатар....Бәсеңдетіііп, білдірмей..., халықты алдамай, долларлық несиелерді- теңгеге айналдырып барып бастау керек еді... Теңге орнында тұрады деп алдағанша, үндемей жүрсе, халық өз шешімін жасап, өзі қамданар еді.
1) Елімізден қанша миллиардтар, Ресейдің экономикасына құйылды, көлік алды, үй алды, тауар алды. Не қалмады, арзан деп, бәрін алдық. Ел ақшасы,- Ресей экономикасына тікелей құйылды...
2) Долларды ұстап тұруға кеткен сансыз миллиардтардан айырылдық! Ол қаражатқа әр облыстан 2 мемлекеттік совхоздан ашып, егін егіп, миллиондаған жұмыс орындарын ашуымыз керек еді..жеріміз көп қой, өз жеріміз, егін мен жер,- долларға тәуелсіз..., қайта сыртқа доллар бағамымен сатып, ұтуға болар еді...
АЛ ЭКСПО-ға кетіп жатқан қаражат жайлы үндемей-ақ қояйын....
3) Өртеп, жоя алмай, қарауылдауға бюджет қаражатын жұмсап жүрген мыңдаған гектар Шу өлкесін өртемей-ақ, модернизациялап, биологиялық белсенді затын бөліп алу арқылы пайдамызға жаратып,- шет елдік фарм комранияларға сату арқылы жүздеген миллиардтарды қазынаға жинауға болар еді... Сол қаражаттың өзі-ақ білім және ғылым саласының өркендеуіне алып келері сөзсіз... Менделеевтің элементтерін ғылымымыз дамымаса, қалай бөліп аламыз? Жер қазып, дайын мұнайды сорудан басқа не үйрендік??? Жақсы, инновациялық жобаларды көтеруге де жетеді.. Егер дәл қазіргідей емес, әділ конкурстар жүргізіліп жатса...

Еркебұлан Оразбеков, Facebook парақшасынан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар