Армения: Түркия біздің ұшақты атып түсірді, ұшқыш қаза тапты

/image/2020/09/30/crop-8_-1_442x781__114685811_a05f689f-30bb-4b7b-ab86-eef7c748e39a.jpg
Таулы Карабақ аймағындағы қақтығыс кезінде Армения "біздің жойғыш ұшақтарымыздың бірін түрік ұшағы атып түсірді" деп мәлімдеді.
 
Армения сыртқы істер министрлігі елдің әуе кеңістігінде түріктер атып түсірген СУ-25 ұшағы ұшқышының қайтыс болғанын хабарлады.
 
Әзербайжанды қолдайтын Түркия бұл мәлімдемені жоққа шығарды.
 
Даулы аймақ үшін болған үш күндік шайқаста қарапайым адамдармен бірге 100-ге жуық адам қаза тапқан.
 
Анклав халықаралық деңгейде Әзербайжанның бөлігі ретінде танылған, бірақ 1988-1994 жылдары бұрынғы екі Кеңес республикасы арасындағы қақтығыс басталғаннан бері этникалық армяндар басқарады.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар