Ақтөбе облысының емханалары жаңа жедел жәрдем көліктерімен толықты

/image/2020/10/01/crop-86_20_812x1083_img-20201001-wa0000.jpg

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының өршуіне қарсы тұруға дайындық деңгейін жоғарылату мақсатында облыстағы 19 медициналық мекемеге жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жедел жәрдем көліктері Ақтөбе қалалық #1,2,3,4, емханалары мен Қобда, Алға, Мұғалжар, Ырғыз, Байғанин, Хромтау, Ойыл, Шалқар, Ембі, Темір аудандық ауруханаларына берілді. qamshy.kz

Аймақ басшысы сапалы денсаулық сақтау ел әл-ауқатының негізгі көрсеткіштерінің бірі екенін жеткізе отырып, жергілікті ақ халаттыларға алғыс білдірді.
“Халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттарының бірі - жедел медициналық көмек. Науқастардың өмірін арашалауға алғаш болып жедел- жәрдем бригадасы келеді, ал науқастардың тағдыры дәрігерлердің әрекеттеріне, жабдыққа, соның ішінде көлікке байланысты. Пандемия кезінде азаматтарға аянбай көмек көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін”,- деді Оңдасын Оразалин. 10 мың халқы бар елдімекенде 1 жедел жәрдем көліктің болуы міндетті деп көрсетілген Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандартқа сәйкес Ақтөбе облысында бұл шаралар белсенді жүзеге асырылып отыр. Жыл басынан бері 22 жедел- жәрдем көлігі сатып алынса, қазан айының соңына дейін тағы да 22 медециналық көлік алынады.Нәтижесінде, аймақтағы жаңа жедел-жәрдем көліктерінің саны 63- ті құрайды. qamshy.kzТабысталған 19 көліктің іші қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Онда өкпеге жасанды ауа беру аппаратынан бастап дефибриллятор, электрокардиограф, монитор, электроотсос жабдықтары орнатылған. qamshy.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар