Ресей мен Түркияның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Мевлют Чавушоглу Таулы Карабах қақтығысына байланысты телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады bbc.
"Министрлер қарулы қақтығыстың тоқтамай жатқанына аса алаңдаушылығын білдіретінін жеткізіп, әскери әрекеттерді дереу тоқтату туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ конфликтке өзге аймақтардың заңсыз қарулы күштерінің араласуына мүлде жол беруге болмайтынына назар аударды" делінген таратылған ақпараттық хабарламады.
Тараптар бейбіт келіссөзге оралуға шақырудың маңызын, Баку мен Ереванға саяси-дипломатиялық қолдау көрсетуде әр қадамды екшеудің қажеттігін атап өткен.
Пікір қалдыру