Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

/image/2020/10/22/crop-39_9_619x825_img-20201022-wa0024.jpg

Хромтау ауданында мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатары артып келеді. Биылдың өзінде 200ге жуық азамат “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы аясында грант пен несие алған. Қазір олар сол қаржыға өз бизнесін ашып, істерін дөңгелетіп отыр. Бірі құс өсірсе, енді бірі қоғам сұранысына сай бизнеспен шұғылданып жүр.

21 қазан күні ауданға арнайы келген "Егемен Қазақстан" газетінің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі, журналист Баян Сәрсембина мемлекеттік бағдарламалардың берекесін көріп отырған аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, жүмыстарымен танысты. qamshy.kz

2018 жылы «Бизнес бастау» курсын тәмамдап, өз ісін бастаған үшінші топ мүгедегі Ұлдай Темірбекова Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кулинария ісін ашу үшін 6 млн теңге көлемінде шағын несие алып, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Өз ісін бастауда мемлекеттік бағдарламаның көмегіне жүгінген жандардың тағы бірі көп балалы ана Рысжан Кулетенова. 2019 жылы "Бизнес Бастау" арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқыған. Қайтарымсыз грант ұтып, несібесін молайтқан көп балалы ана шаштараз ашып, халыққа қызмет көрсетуде. qamshy.kz

Пробация қызметінде тіркелген Александр Ивашенко да баршаға ортақ мемлекеттік бағдарламаның берекетін көріп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген ол "Бизнес Бастау" жобасы аясында онлайн курстан өтіп, қайтарымсыз грантты жеңіп алған. Бүгінде соғылған қақпаларды дайындайтын шеберханасын ашып, өз ісін жүргізуде. qamshy.kz

Мемлекеттен қолдау тапқандар қатары ауылда да жетерлік. Ауылдағы іскер жандармен танысуға арнайы Құдықсай ауылына қарасты Ойсылқара елді мекеніне ат басын бұрған журналист Баян Сәрсембина ауыл шаруашылығында 34 жылдан аса еңбек еткен Қатира Шакировамен кездесті. Алдымен нәзік жанды ананың туған күніне тап келген құтты қонақ - Баян Сәрсембина 72 жасқа толған Қатира Шакироваға тарту-таралғысын ұсынып, құттықтау лебізін білдірді. qamshy.kz

Қарт кәсіпкер басшылық еткен «Нұр» шаруа қожалығының негізі 2003 жылы қаланған. Қазіргі таңда қожалықта мың бастай ақ бас ірі қара малы, мың бастай цигай тұқымды және де жылқы малдары бағылады.
Бұл саланы отбасылық бизнеске айналдырған Шакировтар шаңырағы қой жүнін өңдеп, түрлі бұйымдар жасау арқылы кәсіптің көкжиегін кеңейткен. Мәселен, Толқын Шакирова арнайы техникамен өңделген қой жүнінен қыз жасауын жасап, дәстүрлі өнерді табыс көзіне айналдырған. Ата кәсіптің нәсібін көріп отырған ол алдағы уақытта жүннен жіп иіріп, түрлі бұйымдар жасауды қолға алмақ.

- Бизнес идеяларды іске асыру үшін «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқуға 90 адамға жолдама беріліп, барлығы грантқа ие болды. 2020 жылға Шағын несиелеу бойынша 81 адамға 476 млн. теңге беру жоспарланды. Оның ішінде ауылға 71 адамға 256 млн. теңге қаржы бөлініп, 66 адамға 332,6 млн теңге несие берілді. Қалаға 10 жобаға 220 млн. теңге қаржы бөлінді, бугінгі күнге 8 адамға 51 млн теңге несие берілді. Реинвест бойынша 5 адам- 25,5 млн. теңге алды, -дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлан Жаналин.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар