Қытай Ұлыбританияға ескерту жасады

/image/2020/10/23/crop-25_20_434x769__112638680_hi061745689.jpg

Лондон  үш миллионға жуық Гонконг тұрғынына Ұлыбритания азаматтығына өту жолын ұсыну жоспарын растағаннан кейін Қытай Ұлыбританияға "қателіктерін тез арада түзету" керектігін айтты.

Шілде айында Бейжің Гонконгке қатысты ұлттық қауіпсіздік туралы қатаң заң шығарған. Одан көп өтпей Біріккен Королдік Гонконг тұрғындарына азаматтық беретін ұсыныстың дайындалып жатқанын жариялаған.

Сыншылардың айтуынша, 1997 жылы Ұлыбритания Гонконгті Қытайға қайтарып берген кездегі келісілген азаматтық бостандықтарды Бейжіңнің жаңа заңы бұзып отыр.

Ал Бейжің бұған дейін Ұлыбританияға "ішкі мәселелерге" араласпауды ескерткен.

Жұма күнгі ескерту Қытай Сыртқы істер министрлігінің Гонконг бөлімінен жарияланды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар