Вашингтон мэрі Боузер Капитолий Хиллдегі (АҚШ конгерссінің ғимараты) наразылық туралы брифинг өткізді.
Оның айтуынша, наразылық кезінде төрт адам қайтыс болған. Кем дегенде 14 полиция қызметкері жарақат алған.
Полицейлер бір әйелді атып өлтірді, тағы үш адам "медициналық шұғыл жағдайлардан" қайтыс болды деп хабарлады АҚШ полициясы.
Боузер бүгін Капитолий алаңында болған тағы үш өлім туралы айтты. Көз жұмғандардың біреуі әйел, екеуі ер адам.
Кейбір республикашылар штаттардағы нәтижелерді жоққа шығаруға тырысты, бірақ жеткілікті қолдау таппады.
Трамп өзінің жақтастарын "үйге қайтуға" шақырды, бірақ сайлау бұрмаланды деген шағымдарын қайталады.
Бүгін АҚШ президент сайлауында жеңілген Дональд Трамптың жақтастары АҚШ конгрессі ғимараты Капитолийге басып кіріп, Джо Байденнің президент ретінде бекітілуіне қарсылық танытты.
Отырыс мәжбүрлі түрде тоқтатылып, конгрессмендер ғимараттан шұғыл эвокуацияланды. Ереуілшілерге көзден жас ағызатын газ шашылды.
Пікір қалдыру