"Ашулы және оқшауланған Дональд Трамп Американың ядролық зымырандарын әлі де жалғыз бақылауда ұстайды" деп хабарлады Forbes.
Мамандардың сөзіне сәйкес, АҚШ заңы мен ережелері бойыша, ядролық шабуылға бұйрық беру құқығы президенттің жеке өзіне тиесілі.
"Біз шынымен де алаңдауымыз керек" деді Вашингтондағы Қару-жарақты бақылау қауымдастығының ядролық сарапшысы Кингстон Рейф.
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ-та шамамен 6200 ядролық оқтұмсық бар.
Forbes басылымының жазуынша, егер Трамп өз әкімшілігінің соңғы күндерінде ядролық шабуыл жасауға бұйрық берсе Пентагонның атомдық шабуыл тізбектерін тоқтататын ешқандай мүмкіндігі жоқ.
"Бұйрықтар жіберіледі. Зымыран, сүңгуір қайық және бомбалаушы қондырғылар мақсатты топтамалар шығарады. Ядролық зымырандар ұшады. Бұл президенттің ақыл-ойына немесе көңіл-күйіне қарамастан жүзеге асырылады" дейді ядролық сарапшы Анкит Панда.
Америкалық ядролық жүйенің бұл ерекшелігі ұзақ уақыт бойы сарапшыларды, тіпті кейбір мемлекеттік қызметкерлерді мазалап келеді.
"Бұл президент [Ричард] Никсонның айналасындағы адамдарды да алаңдатқан. Сол сияқты қазір де Трамптың бүкіл президенттік кезеңінде оның ядролық ұшыру құзыретіне жалғыз ие бола алатындығына алаңдап жатырмыз" деді ядролық сарапшы.
Ал, АҚШ конгрессмендері де Трамптың ядролық зымырандарды қолдану ықтималдығы бар екенін айтады.
Пікір қалдыру