Егер Тәуелсіз Қазақстанда бір қазақ бір орыспен орыс тілінде сөйлесетін болса, бұл интернационализм деп есептеледі. Жақсы. Бірақ, сол қазақ әлгі орыспен қазақ тілінде сөйлесе қалса, бұл национализм деп шығады. Енді қандай деколонизация, суверенитет туралы сөз қозғауға болады? Ал енді өзіміз халық ретінде қазақ тілін қолдану, дәріптеу, аясын кеңейту тұрғысынан бүгінгідей жайбарақат отыра берсек, тілден ғана емес, елден де айрыларымыз хақ.
Расул Жұмалы, саясаттанушы
«Facebook» парақшасынан