Ресей еуропалық дипломаттарды елден шығарды

/image/2021/02/06/crop-9_5_532x957__116835541_navalny2.jpg

Ресей Германияның, Швецияның және Польшаның дипломаттарын осы аптаның басында түрмеге түскен оппозиция белсендісі Алексей Навальныйды қолдап наразылық акциясына қосылғаны үшін елден шығарды.

Ресей сыртқы істер министрлігі үш дипломаттың 23 қаңтарда "заңсыз демонстрацияларға" қатысқанын хабарлады.

Германия, Швеция және Польша дипломаттардың елден шығарылуын айыптады. 

Мәскеудің бұл шешімі Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрі Джозеп Боррелл Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескеннен бірнеше сағат өткен соң жарияланды.

23 және 31 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау үшін Ресей бойынша наразылық акциясына жүз мыңдаған адам қатысты және мыңдаған адам қамауға алынды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар