Германиядағы ветеринар дәрігер иісшіл иттерді адамның сілекей сынамасынан 94 пайызға дейін дәлдікпен коронавирусты анықтауға үйреткенін мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Иттер вирус жұқтырған адамдардағы жасушалардан шығатын "ковидтың иісін" иіскейді, деп мәлімдеді Германия қарулы күштерінің қызметтік иттерге арналған дәрігері Эстер Шалке.
Ветеринарлық клиниканың басшысы Холгер Волк "Біз зерттеу жүргіздік, онда иттерімізге ковидтік позитивті пациенттердің сынамаларын иіскеттік және иттердің коронавирусты дәл табуының 94 пайыздық ықтималдығы бар деп айта аламыз ... иттер оларды иіскеп табады" деді .
– Сонымен, иттер жұқпалы және инфекциясы жоқ адамдарды, сондай-ақ симптомсыз және симптоматикалық ковидтік пациенттерді иіскеп таба алады, –деді Холгер Волк.
Пікір қалдыру