Еуропа елдері коронавирус вакцинасын салуды тоқтатып жатыр

/image/2021/03/15/crop-13_26_521x963__117575403_19c28b4f-0d54-4f69-bbb4-c82d438bdf9f.jpg

Нидерланды коронавирусқа қарсы Оксфорд-АстраЗенека вакцинасын ықтимал жанама әсерлерге байланысты уақытша тоқтатқан соңғы ел.

Нидерланд үкіметі кем дегенде 29 наурызға дейін созылатын бұл шараны "сақтық шарасы" деп мәлімдеді.

Бұған дейін Ирландия да вакцина салуды тоқтатуға шешім қабылдаған. Оған Норвегиядағы вакцина салдырған адамдарға қанның ұйығаны туралы деректер себеп болған.

Мұнымен қатар Дания, Норвегия, Болгария, Исландия және Таиланд АстраЗенека вакцинасын қолдануды тоқтатты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар