Tesla және SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск 1 твитін сататынын жариялаған соң, көп өтпей оны 1 миллион долларға сатып алу туралы ұсыныс түсті.
Маск дүйсенбі күні өзінің твиттер парақшасында "Мен бұл әнді NFT (сандық актив) ретінде сатамын" деді.
Ол сатылымға шығарған ән мәтінінде "компьютерлер ешқашан ұйықтамайды... Расталды. Бұл кепілдендірілген" деген сияқты сөздер бар.
Сатылымға қатысушылардың бірі Илон Масктың твитіндегі техно ән мен ілеспе бейнеклипті сатып алуға миллион доллардан астам қаражат ұсынды.
Дегенмен Маск жауап беріп, ойын өзгерткенін мәлімдеді.
Сейсенбі күні Маск твиттерде "Шындығында, мұны сату дұрыс емес сияқты сезіледі" деп жариялады.
NFT – кескіндер мен бейнеклиптерді бейнелеу үшін қолданылатын ерекше крипто-активтер. Оларды физикалық коллекциялар сияқты сатып алуға және сатуға болады. NFT-лер орталықтандырылмаған цифрлық жүйеде немесе блокчейнде жұмыс істейді.
Айта кетейік, жақында ғана Илон Масктың қалыңдығы өзінің әндері мен басқа да шығармаларының NFT нұсқасын сатуға шығарған.
Пікір қалдыру