"Жасандысерік суреттері Солтүстік Кореяның ядролық мекемесіндегі белсенділіктің артқанын көрсетеді" деп хабарлады NBC News басылымы.
"Бұл Ким Чен Ынның режимі ядролық қаруға арналған плутонийді қайта өңдеуге дайындалып жатқанын немесе қазірдің өзінде бастап үлгергенін білдіреді" дейді кейбір сарапшылар.
Коммерциялық жасандысеріктердің фотосуреттерінде солтүстіккореялық Йонгбендегі радиохимиялық зертхана орналасқан шағын ғимараттан және оған жақын орналасқан жылу орталығынан бу немесе түтін көтеріліп жатқаны көрсетілген. Зертхана ядролық бомбаларға арналған плутоний алу үшін жұмсалатын отын таяқшаларын қайта өңдейді.
Maxar Technologies және Стратегиялық, халықаралық зерттеулер орталығы шығарған фотосуреттер Beyond Parallel аналитикалық орталығының сайтына орналастырылған.
Пікір қалдыру