Жер комиссиясының мүшесі Тайжан мен белсенді Рақышев арасында дебат өтті

/image/2021/04/22/crop-273_26_1016x1895_screenshot_20210422-183540_chrome.jpg

Жер мәселесі туралы комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан мен "Ел мен Жер" қоғамдық қозғалысының мүшесі Еркін Рақышевтың арасында дебат өтті.

Пікірталас бизнес-тренер Ахметбек Нұрсиланың YouTube арасында тікелей эфирде ұйымдастырылды. 

"Дебатқа белсенді Рүстем Есімханұлы сарапшылық жасайды" деді Ахметбек Нұрсила.

– Қарап отырсам, менің ауылдастарым, сыныптастарым, таныстарым бұл мәселені білмейді. Елдің тағдыры, жердің тағдыры шешіліп жатқанынан хабары жоқ екен. Президент үкім шығарды. Жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға да берілмесін деді. Енді жер Қазақстан азаматтарына сатыла ма? Жалға беріле ме? Оның арты қалай болады? Қанша жылға беріледі?, – деді Нұрсила Ахметбек дебатты ашып.

Кәсіпкердің айтуынша, Тайжан да, Рақышев та жер мәселесі үшін күресіп жүр. Алайда, екеуінің пікірі ұқсамайды.

Рақышев Жер комиисиясы құрамындағы Тайжанды "халықты алдап жүрген алаяқ" деп айыптайды. Бірақ Мұхтар Тайжан комиссияда шын ниетімен халық үшін, жер үшін күресіп жүргенін айтады.

Сонымен қатар, дебатта Тайжанның министрлер мен депутаттар қатысқан комиисия отырысында шешімдерге қарсы шыққаны айтылды.

Дегенмен, Рақышев оның бәрі көзбояушылық деп санайтынын жеткізді. 

– Мен Мұхтармен ғана емес, жалпы Жер комиисиясымен келіспеймін. Бұл халықтың назарын басқа жаққа аудару үшін құрылған комиисия. Ал Мұхтар соның белді мүшесі. Олар қазір немен айналысып жүр. Олар көзбояушылықпен айналысып жүр. Бұл Мұхтарға да, комиссияға да қатысты... Бұлардың мақсаты Қазақстанның жерін Қытайға орман, тоғай өсіруге 25 жылға беруге заң қабылданып жатқанда, комиссияда отырып алып, бір-бірімен қырқысып, халықтың назарын басқа жаққа аудару, – дейді Еркін Рақышев.

Ал Мұхтар Тайжан не үшін комиссия құрамына кіргенін түсіндірді.

– Заңды өзгертудің басқа жолы жоқ. Ол үшін тек қана билікпен бір үстелде отыру керек. Өйткені заң қабылдайтын мәжіліс, үкімет, сосын президент қол қояды. Біз осында отырып заңды өзгерте алмаймыз. Сол үшін мен Жер комиссиясына кірдім. Ақпан айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға да берілмесін деп жариялады. Сосын президенттің тапсырмасы бойынша арнайы заң дайындалды. Сол заң мәжіліске келіп, сосын сенатқа кетті. Сол заң жобасы талқыланған кезде төрт депутат ағаш өсіру үшін жер шетелдіктерге жалға берілсін деп ұсынды. Мен мұны баршаңызбен бірге естідім. Алдымен мынадай ақпаратшықты. Ормандар шетелдіктерге беріледі деп шықты. Әлбетте, бұл ақпарат жалған. Себебі ормандарды ешкім жалға бере алмайды, – деген Тайжан депуттардың ұсынысына қатысы жоғын, оған дауыс бермегенін, тіпті қарсы болғанын айтты.

Тайжанның айтуынша, сенаторлар көңіл аударып, ондай заң нормасын өткізбейтінін мәлімдеген.

"Сондықтан бұл норма алынып тасталады деп есептеймін" дейді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар