Чернобыль жарылысының радиациясына ұшыраған адамдардың балаларында "ДНҚ-ның қосымша зақымдануы" жоқ екені жарияланды.
Бұл Чернобыльдегі ядролық апаттан зардапқа ұшыраған адамдардың балаларының гендерін скринингтік зерттеудің алғашқы нәтижелері негізінде белгілі болды.
Қатысушылардың барлығы апаттан кейін яғни 1987-2002 жылдары туған, олардың барлық геномдары скринингтік тексеруден өтті.
Зерттеу барысында ата-ананың әсеріне байланысты ешқандай мутациялар табылған жоқ. Зерттеулер Science журналында жарияланған.
Лондон императорлық колледжінің профессоры Герри Томас оншақты жыл бойы онкологиялық аурулардың биологиясын, әсіресе радиациялық зақыммен байланысты ісіктерді зерттеді. Жаңа зерттеу адамдар радиацияның салыстырмалы түрде жоғары дозаларына ұшыраған кезде де, фондық радиациямен салыстырғанда, олардың болашақ балаларына ешқандай әсер етпейтінін көрсеткен.
Пікір қалдыру