Halyk Bank картасын қолданудың 5 тиімді жолы

/image/2021/05/28/crop-7_33_401x713_a2a2fffc1eb5ebc45f80760c5f9.jpg

Бүгінгідей қауырт шақта әлдебір шаруа үшін уақыт табу қиынның қиынына айналған. Клиенттерінің алтын уақытының әр сәтін бағалайтын Halyk Bank бүгінде уақытты ғана үнемдеп қоймай, қаржы үнемдеудің де жолдарын ұсынып отыр. Төмендегі материалда онлайн қызметтерді пайдаланып, бонусқа ие болу арқылы ақша үнемдеу тәсілдері туралы әңгімеленеді.

1. Банк карталары арасындағы аударымдар

Halyk Bank-те карталар арасындағы аударым мейлінше оңтайландырылған. Ішкі аударымдар, яғни банктің бір картасынан екінші картасына аударым жасау тегін. Яғни ол үшін комиссия алынбайды. Мұны телефон нөмірі немесе карта нөмірі бойынша жүзеге асыруға болады. Әркім ыңғайына қарай өзі таңдайды.

Ал өзге банкке ақша аударса ше?

Halyk Bank мұнда да клиенттері үшін қолайлы шарттар ұсынады. Егер өзге банк картасына қаржы аударылса, онда комиссия құны бар болғаны 150 теңгені құрайды. 10 мың аударғанда да, 100 мың аударғанда да комиссия 150 теңгеден аспайды. Бұл – Halyk Bank-тің басты артықшылықтарының бірі. Мәселен, өзге банктерде аудырылатын қаражат сомасы жоғарылаған сайын, комиссия да үлкейе береді. Ал Halyk Bank-те мұндай емес. Тариф тұрақты. Ал 150 теңге – бүгінгі таңда ел бойынша ең төменгі комиссия. Осылайша, Halyk Bank арқылы өзге банк картасына ақша аударған жағдайда клиенттер қаржысын үнемдейді. Үнемделген қаражатты өзге мақсатқа жұмсай алады.

2. Банк картасы арқылы банкоматтан айына комиссиясыз 300 мың теңгеге дейін қолма-қол ақша алуға мүмкіндік қарастырылған.

3. Бонустар

Банк қосымшасы немесе банк картасы арқылы жасалған әр төлем үшін банк тарапынан % бонус беріледі. Егер төлем банктің серіктес желісінде жасалса, онда 25%-ға дейін бонус алу мүмкіндігі бар. Бонустарды жинақтап серіктестер дүкендерде есеп айырысуға және айыппұл, салық, байланыс үшін, коммуналдық қызметтерге және көптеген қызметтер үшін төлем жасауға болады.

4. Онлайн қызмет

Halyk Bank былтырдан бастап 100% онлайн қызмет көрсетуге көшті. Ендігіде банк бөлімшесіне бармай-ақ кез келген қызметті қолдануға болады. Бұл – сіздің уақытыңыз бен жолақыға кететін шығынды қысқартады.

Сіздің уақытыңызды және жол шығыныңызды қысқартатын танымал қызмет түрледі:

- Онлайн кредит;
- Онлайн бөліп төлеуге зат алу;
- Кез келген төлем жасау;
- Ақша аудару;
- Әуе және ТЖ билеттерін онлайн алу;
- Автосақтандыру рәсімдеу;
- Банк картасына үйге дейін жеткізу қызметімен тапсырыс беру;

5. Halyk Easy

Бұл – балаларға арналған карта. Карта 6 мен 18 жас аралығындағы балалар үшін жасалған. Олар ата-анасымен небәрі 5 минутта кез келген Halyk Bank бөлімшесінен шот аштыра алады. Осы арқылы баланың шығынын қадағалауға және баланы жастайынан қаржылық сауаттылыққа үйретуге болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар