Ким Чен Ын Солтүстік Кореяда ашаршылық болуы ықтимал екенін мәлімдеді

/image/2021/06/16/crop-9_5_375x682_090346197700.jpeg

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Кореяның жұмысшы партиясының пленарлық мәжілісінде елде ашаршылық болу мүмкіндігі туралы айтты.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан ел ауыр азық-түлік тапшылығына тап болуы мүмкін. Бұл туралы Солтүстік Кореяның мемлекеттік KCNA жаңалықтар порталы хабарлады.

– Халықтың азық-түлік жағдайы қазір қатты шиеленісіп отыр, өйткені өткен жылы тайфунның салдарынан аграрлық сектор астық өндіру жоспарын орындай алмады, – деді Ким Жұмысшылар партиясы орталық комитетінің отырысы кезінде.

Солтүстік Корея басшысы жоғары лауазымды шенеуніктерді проблемадан шығу жолдарын іздеуге шақырды.

1990 жылдары үлкен аштық мыңдаған солтүстік кореялықтың өмірін қиған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар